"Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес" - Тоқаев шенеуніктер туралы

"Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес" - Тоқаев шенеуніктер туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында болуы керек негізгі екі қасиетті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал, олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді", - деді ол.

Президент сондай-ақ, жасалған реформалардан кейін Қазақстан Президенті мемлекеттік басқарушы, яғни Конституцияда көрсетілген 7 жылдық мерзімге халықпен өзара келісімшартқа отыратын менеджер ретінде қызмет ететінін айтты.

"Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емеc", - деді Мемлекет басшысы.
 
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан