Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне кім тағайындалғаны белгілі болды

Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне кім тағайындалғаны белгілі болды
Фото: Ақорда

Нұрмұхамед Байғараев Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

Нұрмұхамед Байғараев - "Болашақ" бағдарламасының түлегі, 2017 жылы Ұлыбританиядағы Lancaster университетінен (MSc of Project Management) магистр дәрежесін алды.

Aiqyn газетінің бас редакторы болды. Ал Aiqyn газетіне дейін "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеген.

Әр жылдары "Хабар" және Qazaqstan телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші болды. Сондай-ақ, "Қазақ радиолары" ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметін де атқарған.

Ал бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы болған Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова