Президенттің Ақтаудағы бұрынғы резиденциясының орнына не салынады?

Президенттің Ақтаудағы бұрынғы резиденциясының орнына не салынады?
Фото: Видео кадры

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Президенттің Ақтаудағы бұрынғы резиденциясының орнына не салынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл сауал облыс әкіміне тұрғындармен кездесуде қойылды. Өңір басшысының айтуынша, 225 гектар жер учаскесінде он мың орындық стадион, мешіт, балалар алаңдары, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін нысандар салу жоспарланып отыр.

"Бұл аумақ қаланың бас жоспарына енгізілген, келісу және мемлекеттік сараптамаға дайындық кезеңдері жүріп жатыр. Самал шағын ауданында орналасқан жер учаскесі 2023 жылы жазда мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрын аумақтың құны шамамен бір миллиард теңге болған", - деді әкім.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова