Президенттікке үміткерлердің теледебатына 63 миллион теңге жұмсалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, бұл қаржы студияны жабдықтау, құрал-жабдықтарды сатып алу мен қызметкерлердің жұмысына жұмсалады.
Сондай-ақ бүгін сайлауалды пікірталастарды өткізу регламенті бекітілді, ол бағдарламаны таныстыру, талқылаулар мен мәселелер сессиясынан тұрады. Ресми сайлауалды пікірталас "Хабар" телеарнасында тікелей эфир арқылы 11 қарашада сағат 20:00-де көрсетіледі.
"Бірінші раунд - сайлауалды бағдарламаны таныстыру, мұнда әр кандидат өзінің бағдарламасын көрсетеді. Екінші раунд - талқылау сессиясы. Бұл кезеңде кандидаттар оппоненттеріне екі сұрақтан қояды және өздері де екі сұраққа жауап береді. Сұрақты құрастыруға 30 секунд, ал жауап беруге 2 минут беріледі", - дейді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!