- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президенттік кадрлық резерв:...
Президенттік кадрлық резерв: қандидатқа қандай талаптар қойылады?
Бес жыл бұрын елімізде Президенттік жастар кадрлық резерві іске қосылды. Ол жастарды қолдауға және олардың мемлекет игілігі үшін жұмысқа тартылуын ынталандыруға бағытталған. Бұл резерв қандай мүмкіндіктер береді және бұл қатарға қалай кіруге болады? Massaget.kz тілшісі анықтады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, биыл Президенттік жастар кадр резерві жобасының аясында 400 адамның 271-і жұмысқа орналастырылды. Орталық мемлекеттік органдарға 132 резервист, жергілікті – 36, ұлттық компанияларға – 58, өзге де және жеке ұйымдарға – 45 тағайындалды. Сондай-ақ, саяси лауазымдарды 34 резервші, "А" корпусының лауазымын 3 адам атқарады.
Президенттік жастар кадр резерві - Мемлекет басшысының елдің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамасы. Резервке алғашқы іріктеу 2019 жылы өтті.
Президенттік резервке қалай кіруге болады?
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:
- кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
- мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- ситуациялық есептерді шешу;
- құзыреттілікті бағалау;
- резервке іріктеу жөніндегі сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысында сараптама комиссиясы ұсынған кандидаттарды қарау.
2023 жылы іріктеуге қатысу үшін онлайн платформада 30 мыңнан астам адам тіркелді. Бұл ретте 6404 адам құжаттардың толық пакетін тапсырды, іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданды.
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- 35 жастан аспауы;
- жоғары білімі бар;
- жалпы жұмыс өтілі бес жыл;
- сондай-ақ мемлекеттік тілді В1 деңгейінде білуі қажет.
Резервке іріктеуді Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия жүргізеді.
Азамат резервтен қандай жағдайда шығарылуы мүмкін?
Үміткерлер резервке үш жыл мерзімге алынады. Олар қызметке бос жұмыс орындарының болуына және резервтің ұсынылған лауазымға орналасуға деген ұмтылысына байланысты тағайындалады. Лауазымға тағайындау резервтен шығару үшін негіз емес.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, азамат мына себептермен резервтен шығаруы мүмкін:
- өз қалауы бойынша;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;
- шет мемлекет азаматтығын алу;
- Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау;
- оның қызметінің тиімділігін бағалау негізінде лауазымын төмендету не жұмыстан босату;
- қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту;
- әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау;
- резервте болған кезеңде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 3, 4, 9, 10 және 12-тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны не қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тарту;
- соттың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тануы;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теріс себептер бойынша жұмыстан шығару не тармақшаларда көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу 9, 10, 12, 13, 14, 15 және ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 17-тармағы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә