- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президенттік кадр резервіне...
Президенттік кадр резервіне құжат қабылдау аяқталды
Президенттік жастар кадр резервіне үшінші іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Өтінімдерді қабылдауға берілген бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 30 мыңнан астам адам тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 6 404 қатысушы "Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне жіберілді.
"Резервке іріктеу 6 кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау (ассессмент-орталық және құзыреттілік бойынша сұхбат), сарапшылық комиссиясында әңгімелесу және Ұлттық комиссияның отырысы. Президенттік жастар кадр резерві – мемлекеттік басқару жүйесіне креативті және бастамашыл жастарды тартуға бағытталған жоба", - делінген хабарламада.
Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданады. Жеңімпаздар биыл желтоқсан айының соңында жарияланады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы