• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Президенттен бастап бізге қысым жасамақшы болды – Әлихан Бәйменовпен эксклюзивті сұхбат

Президенттен бастап бізге қысым жасамақшы болды – Әлихан Бәйменовпен эксклюзивті сұхбат
Фото: Massaget.kz

Астана мемлeкеттік қызмет хабының төрағасы Әлихан Бәйменов Massaget.kz ақпараттық порталына берген эксклюзивті сұхбатында Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктен кетуінің себебі туралы өз шындығын айтты.

Оның айтуынша, 2011 жылы агенттікке төраға болып тағайындалған кезде жаңа тұжырымдама қабылданып, реформа жүргізіле бастаған. Саяси қайраткердің мәлімдеуінше, сол уақытта жаңа талаппен жасалған мемлекеттік қызметке қабылдау сынағынан қаншама мемлекеттік қызметкер өтпей қалған.

"Алғашқы іріктеуден 57 әкім мен бірнеше комитет басшылары өтпей қалды. Олардың өтпей қалуы агенттікке қысымды көбейтті. Себебі оларды қолдайтын қалталы адамдар, лауазым иелері бар, солардың бәрі түрлі деңгейдегі лауазым иелері арқылы, тіпті Президент арқылы бізге қысым жасамақшы болды. Агенттік сынақты таза өткізгендіктен, басқа жолмен өз адамдарын өткізе алмайтын болды. Сөйтіп, кейін менің өзімнің бағалауымша, бір жағынан агенттік жұмысын әлсіретіп, бір жағынан төрағасын ауыстыру үшін қисынсыз шешім қабылданды. 2014 жылы Мемлкеттік қызмет агенттігі мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін қосып жіберді. Қосып жібергеннен кейін онда тергеу жұмысы бар деген желеумен маған Президент "орынбасары болып қаласыз ба?" деген ұсыныс жасады. Мен бас тарттым. "Елші боласың ба?", - деп сұрады, одан да бас тарттым. Сөйтіп, ол уақытта құрылғанына бір жыл болған хабта үш-ақ адам жұмыс жасайтын, соны Президентке ұсынып, ол қабыл алып, осы басталған реформаларды әрі қарай дамыту мақсатында осы қызметке кірістім", - дейді Әлихан Бәйменов мырза.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметкерлердің сынақтан өтпей қалуының себептері мен олардың біліктілігі, мемлекеттік жүйенің осал тұстары мен сыбайлас жемқорлық туралы ойын бөлісіп, Астана мемлекеттік қызмет хабының жұмысы мен оның ел ішіндегі және сыртындағы ықпалы туралы да айтты.

Әлихан Бәйменов саяси сахнаға оралуы мүмкін бе? Осы және өзге де мемлекеттік қызмет жайындағы мәлімдемелерін Massaget.kz ақпараттық порталының Youtube арнасынан көре аласыздар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget