Президентке әскери қызметшілердің киім үлгілері таныстырылды

Президентке әскери қызметшілердің киім үлгілері таныстырылды
Фото: Akorda.kz

Президентке Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскери қызметшілердің киім үлгілері таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдымен әскери қызметшілердің бірыңғай киім үлгісі таныстырылды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Бүкілармиялық кеңес өткізіп, ардагерлер мен сарбаздарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

 

 

Мемлекет басшысы - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында әскери қызметтегілерге қандай жеңілдік жасалғанын айтты.

Мемлекет басшысы ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан