Президент Вьетнамнан келген қонақтарға шапан жапты

Ақорда резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми келіссөздерден кейін кездесудің бейресми бөлігі өтті.

Қазақстан тарапы достық пен сыйластықтың белгісі ретінде То Лам мен оның жұбайына шапан сыйға тартты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!