Президент үш министрге сөгіс жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"7 қант зауытының бүгінде 4-еуі ғана жұмыс істейді. Алматы және Жамбыл облыстарында тек үштен бір бөлігі жүктелген - 31 пайызы. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша қантының үлесін 2026 жылға қарай 6 есеге, 7-ден 43 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, кейінгі төрт жылда қант қызылшасының аумағы үштен бірге азайды.

"Біз импорттық қантқа 90 пайыз тәуелдіміз, бұл жерде ЕАЭО аясындағы шешімге сүйенуге болады, бірақ кез келген жағдайда бұл үкіметтің салмақты есебі. Сондықтан мен министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын", - деді Президент.

Айта кетейік, Президент сөгіс жариялаған тағы бір министр - экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.