Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасына тапсырма берді

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасына тапсырма берді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдады, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге қойылған міндеттер туралы есепті тыңдады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өткен жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Президент Ермек Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатты. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Марат Ирменов тағайындалды. Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев комитет басшылығымен кеңес өткізіп, жаңа басшылыққа нақты міндеттер жүктеген болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget