Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі.