Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесуде ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.

Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысын бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова