Мемлекет басшысы Үкіметке тасжолдарға байланысты маңызды тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президент Үкіметке Торғай-Ырғыз және батыс бағытындағы басқа да көлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Президент Үкіметке Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын көлік жолының құрылысын бастауды тапсырды.
"Жаңа күре жол орталық және батыс аймақтардың арасын 560 шақырымға қысқартады. Бұл - тұтас Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба", - деді Тоқаев биыл наурызда.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова