Президент Үкіметке маңызды міндет жүктеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі өнім өндіруге және саланың дамуына жауапты. Ал дайын өнімді сатуға, соның ішінде шетелге өткізуге Сауда министрлігі жауап береді. Сондықтан Үкіметке осы мәселемен тұрақты түрде айналысу міндетін жүктеймін", - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!