Қасым-Жомарт Тоқаев билік өкілдеріне үн қатты. Бұл туралы Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, маңызды міндеттің бірі – білім беру саласын жан-жақты дамыту.
"Бұл, ең алдымен, жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін қажет. Осы уақыт аралығында еліміз бойынша 1483 балабақша ашылды. 1342 заманауи мектеп бой көтерді. Кейінгі жеті жыл ішінде жастардың жоғары білім алуы үшін жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 655 мыңнан аса оқу гранты бөлінді. Бұл шаралар жас буынның қалаған кәсіпті меңгеруіне, қабілетін ұштауына мүмкіндік береді. "Егемен елдің еңсесі биік" деген сөз бар. Біз қасиетті Тәуелсіздігіміздің арқасында түрлі салада толайым табысқа жетіп келеміз. Сондықтан бейбіт күннің қадірін біліп, мемлекеттігімізді күшейте түсу үшін табанды еңбек етуіміз керек. Мен бүгін еліміздің бірқатар жетістігіне тоқталып өттім", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды.
"Әлі көп жұмыс істеуіміз қажет, кемшіліктер мен олқылықтар бар екенін мойындаймыз, оларды жою және түзету үшін Үкімет пен депутаттар, барлық мемлекеттік қызметші күш салуы керек. Мемлекетіміздің алдында тұрған нақты міндеттер мен жоспарлар жөнінде келесі аптада Қазақстан халқына жолдауымда толығырақ айтамын", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!