- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент туралы
Президент Түрікменстанға не үшін барғаны белгілі болды
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапармен келді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина