Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Цифрлық кодексті асығыс қабылдай салуға болмайтынын мәлімдеді.
"Жалпы Цифрлық кодексті асығыс қабылдай салуға болмайды, бұл – шын мәнінде жауапты, күрделі жұмыс. Сол себепті Парламентте сарапшылардың, құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі бойынша арнайы тыңдаулар өткізілді", - деді бұған дейін Президент.
Сонымен қатар, Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Одан бөлек, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова