Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарияланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, "Қазақ газеттері" ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланады.
Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады", - дейді Берік Уәли.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!