Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметші күніне және Полиция күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін", - деп жазды Президент.
Еске салайық, 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Заңды қабылдаған болатын.
Бұл Тәуелсіз Қазақстан Республикасы полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды.
Ал 2007 жылы 5 маусым күні бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекіткен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!