Президент Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Еске салайық, 6 қаңтарда Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы қызметінен, яғни Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз