Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті. Кездесу соңында Ежи Старак Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі кітап сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның біріншісі - Polpharma компаниясының демеушілігімен түсіріліп жатқан деректі фильмге арналған. Бұл фильмде Бекет ата, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан бап кесенелері, Таңбалы петроглифтері мен Ботай қонысы секілді Қазақстанның киелі жерлері таспаланған.
Екінші кітап - қазақтың белгілі жазушысы, Польшаны басқыншылардан азат етуге қатысқан майдангер Кемел Тоқаев туралы ғұмырбаяндық жинақ. Бұл басылым Польша-Қазақстан тарихы комиссиясының қолдауымен әзірленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!