- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Тоқаев 2...
Президент Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Фото:
Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
- Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
- Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина