- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаевтың Жетісу облысына сапары
Президент Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев "Жетісу-Қолдау" қоғамдық қорының демеушілігімен салынған Үстел теннисі орталығын аралап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халықаралық стандарттарға сай, заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратта Үстел теннисі ойындары және спорттық туризмге мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі орналасқан.
Мектеп директоры Мерей Сүйіновтің айтуынша, қазір мұнда 600-ден астам оқушы теннистен бөлек, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, қол күресі және спорттық туризм секцияларына қатысады. Олардың арасында 33 спорт шеберіне үміткер, 41 бірінші разрядты спортшы бар.
Президентке Жетісу облысындағы спорт инфрақұрылымының дамуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, қазір Алакөл ауданының Лепсі ауылында және Текелі қаласында дене шынықтыру кешендері, Панфилов және Сарқан аудандарында спорт кешендері салынып, Талдықорғандағы Орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шағын ауылдарда бұқаралық спортты дамыту үшін модульдік кешендер салу қолға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан