- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент: Субсидия алған...
Президент: Субсидия алған кейбір пысықайлар шалқып өмір сүрген, ал қарапайым шаруаларға оны алу қиын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев субсидияны алып, бюджет қаражатын қалтасына жымқырғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген.
Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу - қияметтің қиыны.
Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр", - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек