Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!