Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат болып тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Орталық сайлау комиссиясы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлын Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді", - деді Нұрлан Әбдіров ОСК отырысында.
Президенттікке кандидат куәлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді адамы Ерлан Қошановқа табысталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!