Президент сауда және интеграция министрін тағайындады

Президент сауда және интеграция министрін тағайындады
Фото: primeminister.kz

Президент сауда және интеграция министрін тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Арман Шаққалиев туралы не белгілі?

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған. 

Ол бұған дейін Сауда және интеграция министрлігінде бірінші вице-министр қызметін атқарған болатын.

Ал 2023 жылы cауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget