- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Сауд Арабиясына...
Президент Сауд Арабиясына ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы - Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президентін әуежайда корольдің кеңесшісі әрі Мекке провинциясының губернаторы Фейсал Халид бин Әбделазиз, сондай-ақ, Сауд Арабиясы Корольдігінің қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрі Абдурахман Әл-Фадли қарсы алды.
23-24 шілдеде Сауд Арабиясы Королдігінің жоғары басшылығымен және іскер топтарымен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Ж. Қадыржанова