Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы королін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы - "Алтын Қыран" орденімен марапаттады", - делінген хабарламада.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.