- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Сәтқалиевке тапсырма...
Президент Сәтқалиевке тапсырма берді
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алмасадам Сәтқалиев:
- еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берді;
- осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткені туралы айтты;
- ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берді;
- жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндады.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина