- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент "Самұрық-Қазына" қорындағы...
Президент "Самұрық-Қазына" қорындағы ауқымды өзгерістер туралы айтты
Фото:
sk.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорында қандай өзгерістер болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқаев "Самұрық-Қазына" қоры экономиканың негізгі секторларын бақылау үшін жеткілікті мажоритарлық пакетке ие инвесторға айналып келе жатқанын айтты.
"Қордың басқа активтері мен акциялары, оның ішінде "Халықтық IPO" тетігі арқылы жекешелендірілетін болады.
"Самұрық-Қазына" бірлескен инвестор ретінде жеке инвесторлар жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға ғана қатысатын болады. Мұндай жобаларды Президент анықтайды", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина