Президент пен Оман сұлтаны “Астана“ халықаралық қаржы орталығын аралады

Президент пен Оман сұлтаны “Астана“ халықаралық қаржы орталығын аралады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге сапармен келген сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид "Астана" халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарға орталық жұмысының нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық-экономикалық қатынастарды одан әрі жандандыру үшін орталық қандай мүмкіндіктер ұсына алатынына тоқталды.

АХҚО ашылғаннан бері Қазақстанға 28 миллиард доллардан аса инвестиция тартқан. Орталықта 90 елден 6600-ден аса компания тіркелген.

Екі ел басшыларына ағылшын құқығына негізделген қаржы орталығы юрисдикциясындағы ерекшеліктер, АХҚО-ның қаржы қызметін реттеу комитеттерінің, АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, орталықтың ислам қаржыландыру саласындағы мүмкіндігі, сондай-ақ, тәулік бойы қолдау көрсететін AIDA (AIFC Intelligent Digital Assistant) интеллектуалдық ассистенті жайында баяндалды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget