- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент осы аптада...
Президент осы аптада қандай шараларға қатысатыны белгілі болды
Ақорда Мемлекет басшысы қатысатын іс-шаралар аңдатпасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні елордада Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады.
Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы жоғары әскери оқу орнының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырады.
8 маусымда Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді.
"Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында" атты форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды.
Мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина