Президент Нұртас Қабақовты қызметінен босатты

Президент Нұртас Қабақовты қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.


Нұртас Қабақов

Қабақовтың орнына Қайрат Дәуітов келді. 

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.


Қайрат Дәуітов

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!