Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді.

Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!