Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 21 қарашадағы Жарлыққа қол қойып, мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі кейбір жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарды:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдардың басшылары осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар туралы:
- Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
- 1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:Мемлекеттік органдардың штат санының лимитін ұлғайту:
- Қазақстан Республикасының Президенті енгізетін төтенше жағдайға ден қою қажет болған;
- орталық мемлекеттік органдар немесе олардың ведомстволары құрылған;
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылыс өзгерген; - Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бос штат бірліктерін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ штат санының лимиті 100 бірліктен аз мемлекеттік органдардың бос штат бірліктері мемлекеттік органдар арасында қайта бөлуге жатпайды.
2. Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. Мемлекеттік саяси қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары негізінде және (немесе) тапсырмаларын орындау мақсатындағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны (бұдан әрі - тәртіптік теріс қылық) үшін мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жаза қолданылады.
3. Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығында:
мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
10-1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, "Бірыңғай кадр жүйесі" ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың кадр процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етсін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!