- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жарлық
Мемлекеттік қызметте өзгерістер: Президент Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды бекітетін Жарлыққа қол қойды. Бұл өзгерістер бюрократияны азайту, мемлекеттік аппарат жұмысын оңтайландыру және цифрландыру процесін жеделдету мақсатында енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Штат санын көбейтуге шектеу қойылды
Енді мемлекеттік органдар қызметкерлерінің санын ұлғайту тек ерекше жағдайларда ғана мүмкін болады: төтенше жағдай, жаңа мемлекеттік органдардың құрылуы кезінде, әкімшілік-аумақтық құрылым өзгергенде, Президент тапсырмаларына сәйкес қажет болған жағдайда.
Штат санын көбейтуге шектеу қойылды
Мемлекеттік органдардың қызметкерлер санын ұлғайту ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Бұл жағдайларға: төтенше жағдайлар, жаңа мемлекеттік органдардың құрылуы, әкімшілік-аумақтық құрылым өзгерістері жатады. Сонымен қатар, бос штат орындары тек Үкіметтің арнайы тәртібімен қайта бөлінеді. Бірақ, Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, құқық қорғау органдары және қызметкерлер саны 100 адамнан аспайтын органдар бос орындарды қайта бөлуге жатпайды.
Тәртіптік жаза күшейтілді
Мемлекеттік саяси қызметшілердің міндеттерін орындамауы немесе тиісті деңгейде орындамауы, Президент тапсырмаларын орындамауы тәртіптік теріс қылық ретінде қарастырылып, тиісті жаза қолданылатын болады. Бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Бірыңғай кадр жүйесі автоматтандырылады
2025 жылдың соңына дейін мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың кадрлық жұмыстары толық автоматтандырылады. Бұл “Бірыңғай кадр жүйесі” ақпараттық платформасы арқылы жүзеге асырылады. Жаңа жүйе кадрлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, бюрократиялық кедергілерді азайтады.
Жаңа өзгерістер мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, құжат айналымын қысқартуға және қызметкерлерді басқаруды оңтайландыруға бағытталған. Бұл бастама мемлекеттік аппаратты цифрландыруға жаңа серпін беруі тиіс. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина