- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент медицина қызметкерлерін...
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Фото:
tengrinews.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- Еліміздегі барша медицина қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз, - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар, індетпен күресіп жүрген дәрігерлердің еңбегіне жоғары баға берді.
- Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді, - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.
Н. Үсенова