Президент Мариус Визерді “Достық“ орденімен марапаттады

Президент Мариус Визерді “Достық“ орденімен марапаттады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 30 қазанда Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визерді “Достық“ орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мариус Визер Астанада Халықаралық дзюдо федерациясының ұйытқы болуымен IJF академиясын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл аймақтағы жоғары санатты жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлайтын орталықтардың бірі болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясымен ұзақмерзімді ынтымақтастығының перспективасы жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, 2027 жылы елімізде өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына дайындық мәселелерін пысықтады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанда дзюдоны ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Мариус Визерді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан