- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент мәдениет және...
Президент мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды.
Аида Балаева министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ, мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді. Креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар, бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке бұл бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова