Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент қыз алып қашу қылмыс екенін айтты.
"Қыз алып қашу - адам ұрлау. Бұл - халқымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Мұндай қатыгездікке ешқандай жағдайда жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын қоғамдық сана өсіп, азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамалық өзгерістер де осыған сай болуға тиіс екенін мәлімдеді.
"Заң мен тәртіп баршаға ортақ, еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға міндетті", - деді Президент.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы Бурабайда өтті.
Бүгінгі отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойын ортаға салады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!