Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың ШЫҰ елдеріне өз нарығын кеңірек ашу ниетін құптайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің пікірінше, бүгінде ШЫҰ аясында сауда-экономикалық байланыстарды күшейту керек.
"Санкциялық қақтығыстар әлемдегі экономикаға айтарлықтай зиян келтіреді, даму перспективасының аясын тарылтады. Мұндай жағдайда біз оң динамиканы сақтауға және әлеуетті арттыруға бағытталған сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың барынша икемді стратегиясын құруымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде.
Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше елдердің экономикасының дамуы жаһандық экономика үшін тұрақтандырушы фактор екенін жеткізді.
"ШЫҰ-ға мүше елдердің жаһандық ЖІӨ-дегі үлесі 30%-ға тең. Бүгінде ұйым құрамындағы мемлекеттердің сыртқы саудадағы үлесі 8 триллион доллардан асады. Бұл – әлемдегі сауданың төрттен бір бөлігіне тең. ШЫҰ-ның арқасында Азияның жаңа тарихи экономикалық өрлеуі жаһандық экономика үшін тұрақтандырушы фактор болып саналатынын атап өткім келеді.
Сондай-ақ Қазақстан Қытайдың ШЫҰ-ға мүше елдерге өзінің ауқымды нарығына қолжетімділігікті кеңейтіп, тауар айналымын 3 триллион долларға дейін жеткізу ниетін құптайды", - деді президент.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!