Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Резиденцияда Қытай төрағасын ресми қарсы алу іс-шарасы өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин екіжақты келіссөз өткізетін залға жүрді.
Айта кетейік, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин елімізге мемлекеттік сапармен соңғы рет 2022 жылғы 14 қыркүйекте келген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!