Президент Құрылтай депутаттарына жүктелетін үш міндетті атады

Президент Құрылтай депутаттарына жүктелетін үш міндетті атады
Фото: Видео кадры

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтайдан зор үміт күтетінін айтып, депутаттар бірінші кезекте қандай міндеттерге басымдық беруі керегіне тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24kz телеарнасының тілшісі Рауль Ғабитов Мемлекет басшысынан Құрылтай жұмысын бастағаннан кейін елде қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін сұрады. Сондай-ақ, журналист жаңа заң шығарушы орган ең алдымен қандай заңдарды қабылдауы керек және Құрылтай депутаты сайлаушылар алдында қандай жауапкершілік арқалайды деген сауал қойды.

"Әлгінде ғана айтқанымдай, алғашқы бір палаталы Парламент сайлауының тарихи мәні зор. Құрылтай сайлауына үлкен үміт артамын. Еліміздің дамуына тың серпін береді деп санаймын. Жаңа тұлғалар мен жаңа идеялар пайда болды. Жастардың ой-пікірін еркін жеткізуін, мемлекетіміздің қалыптасуына үлес қосуын әрдайым қолдаймын. Депутаттар, ең алдымен, заңның сапасына жауап береді деп сенемін. Екіншіден, олар берген уәделерін немесе бағдарламаларын орындауға тиіс. Үшіншіден, ел дамуына ықпал ететін заңдар қабылдануы керек. Қазір заман күрделі. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Сондықтан туған елімізді озық, заманауи мемлекетке айналдыру жолында күш-жігерімізді біріктіру керек. Бұл ретте Конституция бізге мол мүмкіндік береді. Біртұтас ел болып қабылдаған Жаңа Конституциямыз өте озық, мазмұнды құжат деп айтсақ, қателеспейміз. Сондықтан Ата Заң бізге, әсіресе, жастарға жарқын жол нұсқайды. Келешегіміз – жастардың қолында. Оған күмән жоқ", - деп жауап берді Тоқаев. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget