Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Руслан Жақсылықов қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берді.
Қорғаныс министрі:
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!