Президент көлік саласын дамыту бөлімінің меңгерушісін қызметінен босатты

Азамат Кескінбаев Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Ол бұл қызметке 2025 жылғы желтоқсанда тағайындалған.

Еске сала кетейік, 3 қарашада Президент жарлығымен Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылған еді. Көлік министрі болып Әсел Жанасова тағайындалған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!