Президент қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді

Президент қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отырысты қорытындылаған Мемлекет басшысы алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды.

Осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты дұрыс түсінік қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте халыққа арнаған жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы талқылау нәтижесін, сараптама қорытындыларын, ұсынылған түзетулердің жобаларын, сондай-ақ, конституциялық реформаға қатысты азаматтардан түскен ұсыныстарды зерделеп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget