Президент Қазақстан Шығанақ елдеріне әрдайым тілектес екенін айтты

Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, әлемдегі барлық кикілжің мен қақтығыс дипломатиялық құралдар арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Шығанақ елдеріне әрдайым тілектес екенін және шиеленіс тезірек шешілуіне үміт артатынын жеткізді.

Кездесу соңында Президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!