Президент Қазақстан мен БАӘ арасындағы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Электр станциясы қатты жел кезінде артық энергияны жинақтауға және оларды сұраныс жоғары уақытта желіге бағыттауға мүмкіндік береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова